русский   english
 


Дариға Назарбаева, “Хабар” Агенттігі директорлар Кеңесінің төрайымы:

Кейінгі жылдары бүгінгі тарихи даму үрдісіміздегі евразиялық құрылықтағы жаһандану өзгерістерімен болып жатқан құбылыстар көптеген саясатшысымақтардың айтуынша кәзіргі адамдардың бойында адамгершілік сипаттар азайып қатыгездік қасиеттердің белең алып адам мінезін өзгеріске түсіретін ғасыр індеті рухани жұтаңдық пен жыртқыштық туралы негізсіз ойлар айтылып қалуда. Бұқаралық көпшілік мәдениетті әсіре мақтап дәріптеушілер озық үлгідегі биік дәрежедегі классикалық өнер туындыларын ығыстырып шығару сияқты әрекеттердің айрықша бой көтергендігін айтады.

Әрине олар өздерінің мұндай бейқамдықтарын “сырқаттан сауығу”, “өтпелі кезең”, “тұтынушы қоғам” деген сияқты желеу сөздермен бір қарағанда ақылға қонымды көпірме ойлармен бүркемелейді, бірақ уақыт көшін кері бұруды әлі ешкім ойлап таппағандығын ескерсек, бүгінгі күні адамдардың жоғалтқан рухани және адамгершілікті ақыл парасатын қайта қалпына келтіру өте қиынға соғары сөзсіз. Менің туған елімнің керемет бай музыкалық мол мұрасын сақтап қалу ісі өте бір үлкен мәселе болғандықтан ірі теледидар жүйесі бұл жобаға түсіністікпен қарап көмектесуіме тура келді.

Менің ойымша біздің бұл бастаған қадамымызды болашақ тарих пен келешек ұрпақ құптайды, белгілі бір дәрежеде жоғары бағалайды деп сенемін. Біздің балаларымыз бізден гөрі анағұрлым ақылды, білімді, талантты өз ата-аналарынан гөрі дархан да бай болатындығына біздің әрқайсымыз сенімдіміз, әрі сол үшін де тер төгіп өз халқымызға аянбай еңбек етеміз. Әлбетте біздің балаларымыздың ақыл-ой сана-сезімі, таланты мен жан-дүниелерінің сұлулығы, өз халқының құндылықтарымен қазына байлықтары асыл мұраларына деген сүйіспеншіліктері күшті екендігін атап айтқым келеді. Музыканың сырлы сазымен ақын өлеңдерінің жыр жолдары кез-келген қарапайым адамның көңіл көрігінің айнасы ғана емес, күллі адамзат өркениетінің өзегі болып табылады. Бұл болмаса материалдық игіліктер жан түршігерлік пиғылдардың әрекетінен күл-талқан болып жойылып кетуі ықтимал.

“Асыл мұра” жобасы өзінің алға қойған мақсаттары мен мүддесі, ниеттері жағынан өте үлкен маңызы бар ұланғайыр жұмыстар жобасы. Егерде оның алдына қойған мақсаттары жүзеге асатын болса біздің халықтың баға жетпес шынайы да сирек кездесетін музыкалық інжу-маржан қазыналы мұрасын мүлдем жойылып кетуден сақтап құтқарып қана қоймай, адамзат әлемінің рухани жұтаңдықтан арылып, сырқатынан айыққандай адамгершілік жағынан тазаруына шамасы жетеді.

Жобаның тағы бір қызықты ерекше тұсы сол, – бірегей өте сирек кездесетін музыкалық жазуларды белгілі бір шектелген орта ғана тыңдап қоймайды, музыканы сүйіп қадірлеп қастерлейтін барша қарапайым жұрттың тыңдауға қолы жетеді. Шындығында музыка әр адамның көңіл күйін көтеретін, көпшіліктің сүйіп тыңдайтын, халыққа жақын түсінікті өнері.

Дүйсен Қасейінов, Қазақстан Республикасының мәдениет министрі, “Асыл мұра” жобасының қамқоршылар кеңесінің төрағасы :

Халқымыздың музыкалық өнері - музыкалық мұрасы ғажап, әрі сондай сырлы нәзік, кәусар дүние екені даусыз. Бірақ осы мол қазынаны сақтап қалу ісі өте қиынға соғып тұр. Ықылым заманда дүниеге келген композиторларымыздың керемет ұлы шығармалары нота жазбалары арқылы сақталып бізге жетіп қалса, ал асқақ әншілермен майталман күйші орындаушылар, дирижерларымыздың шынайы өнерлері туралы біз олардың көзін көргендердің айтуы бойынша, иә болмаса бүгінге дейін жеткен әдебиеттер мен тарихи дерек көздері арқылы танысып бағалаймыз.

Кәсіби музыкант ретінде менің айтарым қазақ халқының музыка өнері өзінің табиғи тума шынайылығымен, көп түрлі сан қырлылығымен айрықша әсем таңғажайып әлем. Халықтың көшпелі өмір салты оның дала мәдениетінің ең жоғары дамыған сырлы сипатын айқындайтын тылсым қасиеті деп айта аламын. Әсілі бүгінгі күні оған күллі әлемнің назары ауып көптеген елдердің музыка саласы бойынша этнограф ғалымдары қызығушылық танытып отырғандығы соның айғағы. Кәсіби музыка саласында біз мақтаныш ете алатын туындылар жетерлік.

Кейінгі болашақ ұрпаққа осы асыл қазына бар байлығымызды қызғыштай қорып сақтап жеткізу мәселесі көптен бері көкейде жүрген. Бұл бағыттағы біздің және Мемлекеттік мұрағат қызметкерлерінің тырысып баққаны арқасында қыруар жұмыстар істелді десек те, ескі күйтабақтармен тозған магнитофон таспаларындағы дауыстар өкінішке орай уақыттың тезіне шыдай алмай жойылып кетуге жақын қалуда. Ал жаңадан шыққан сандық технология олардың ғұмырын кем дегенде бір ғасырға ұзартады. Алайда біздің осы ойларымызды іске асыруға қаржы тапшылығы қол байлау болды. Еліміз егемендік алып еңсесін енді көтеріп экономикалық тар қыспақтан шыққан кезде аз қаражаттың басым бөлігі әрине стратегиялық мақсаттарға, мемлекеттік құрылысқа, экономикаға, әлеуметтік салаларға жұмсалады…

Сондықтан да біздің ұсынысымызды қолдап “Асыл мұра - Қазақстанның музыкалық мұрасы” жобасына бас демеуші болып қаржылық көп көмек көрсеткендігі үшін “Кока-Кола” компаниясына шексіз ризашылығымызды білдіреміз. Бұл жәй ғана мырзалық емес, біздің еліміздің мәдениетіне қосылған баға жетпес үлкен қомақты салым, өйткені бұл жоба алдына қойған міндеттері ауқымды шындығында тарихи маңызы бар жоба.

Есетжан Қосубаев, “Асыл мұра” жобасының қамқоршылар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы президент әкімшілігінің баспасөз қызметінің жетекшісі:

“Арт- Центр” продюсерлік компаниясы жұмыстарының басты бір бағыты осындай музыкалық жобаларға қатынасты және бұл жобаның бұрынғы немесе қазіргі болсын музыкалық мұраларымызды сақтап қалу жолындағы істері бізді қызықтырып оны қолдауымыз табиғи нәрсе.

Қазақ өнерінің шын жанашыр ақсақалдары – жампоздарымен, бүгінгі өнер жұлдыздарымен күнделікті кездесіп араласып жүрген кезде осы ұлттық мұра ескерткіштерді қорғау керектігі жөнінде көп естідім. Әрі оған менің кейінірек Ұлттық телерадио компаниясының басшысы болған тұста көзім анық жетті. Кеңес үкіметі кезінде Қазақстан теледидары мен Қазақ радиосы(Қазақстан ТРК – ның бұрынғы атауы) бүкіл республикаға хабар тарататын бір ғана арна болатын. Көп жылдар бойы оның қорына бұрынғы музыкалық мұраларымызбен қоса орасан көп аудио-видео жазулар нақты айтсақ алтын қор жиналды. Олардың күтімі сақталуы өте ауыр қиын жағдайда еді. Көптеген қымбат дауыстар бағалы байлықтар тозып бітіп жойылып кетті. Қазір солардың аса құнды дегендерін Мемлекеттік мұрағатқа өткізіп сақталуға жағдай туғыздық. Ал енді оларды өңдеп жаңғыртып, қайта қалпына келтіріп тірілтуде “Асыл мұра” жобасының атқарар қызметі ұшан теңіз және маңызы да орасан зор.
Меніңше қазақ халқының музыкалық інжу-маржан мол байлығын сақтап қалу жолындағы еңбегіміз жүзеге асады-ғой деп ойлаймын.

Жанат Рүстемова, ТМД елдеріндегі “Кока-Кола Сервисез ЛТД” өкілдігінің қоғамдық және үкіметтік ұйымдармен байланыс жөнінлегі менеджері:

Қазақстанның аса бағалы халық музыкасын қайта қалпына келтіру, жаңғырту, сақтап қалу, өңдеп жазу сияқты жұмыстар өте бір қиын және мағынасы жағынан қомақты шаруа, әрі жобаға көмек берушілер үшін үлкен мақтаныш биік дәреже абырой әкеледі деп білем. Мен өз халқымның жан дүниесі саналатын аса бір жауапты ұлағатты жұмысқа араласып жәрдем етіп жүргенімді өзіме үлкен бақыт санаймын.

Дүние жүзінде көптеген әлеуметтік жобаларды қаржыландыратын халықаралық компанияның жетекші қызметкері ретінде менің айтарым “Асыл мұра” жобасы аса бір жауапты әрі маңызы зор жұмыс атқарып отыр. Халқымыз өзінің рухани және музыкалық бай мұрасын ешқашан ұмытпауы керек, меніңше ұмытқан да емес оны аялап сүйіп ардақтайды ал біз осы мол қазына игіліктерімізді қорып ғасырдан-ғасырға жеткізіп келешекке қалдыру үшін өз қолымыздан келген көмегімізді аямаймыз.
Жобаның үйлестірушісі–"UMS" агенттігі
тел.: +7 727 273 02 43
e-mail:
[email protected]