®
русский   english
 



Тұсау кесер жиындар
Баспасөзге шыққан хабарлар

«АСЫЛ МҰРА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ 14-ШІ АУДИО–CD АЛЬБОМЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Алматы, 17 қараша 2007 жыл

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мұрағатында көрнекті композитор, қоғам қайраткері қазақ өнерінің саңлағы Бақытжан Байқадамовтың кейінгі ұрпаққа қалдырып кеткен асыл мұрасы - әлемге танымал музыкалық туындылары мен дауысы жазылған мерейтойлық аудио-CD альбомының тұсауы кесілді. Биыл оның туғанына 90 жыл толды.

«Бақытжан Байқадамов» атты CD-альбом - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалар мұрағаты, «Кока-Кола» компаниясы және «UMS» Агенттігі» қоғамдық қорының күш-жігерлерін біріктірген ізгілік жобасы аясында жарық көрген кезекті 14-ші диск.

Мұндай СD-дискілерді шығару – қыруар еңбекті талап ететін және аса жауапты іс. Дыбыс жазбаларының мұрағаттарда сақталу мерзімі шектелген, олар тозығы жеткен магнит таспаларда сақталған. Таспа ерте ме, кеш пе дыбысты сақтап тұру қабілетінен айрылады немесе кейде ескіргеннен жыртылып та қалады. Сондықтан, осындай асыл құндылықтардан айырылып қаламыз ба деген қауіп қашан да болады. Енді «Асыл Мұра» жобасы аясында қайта қалпына келтірілген басқа да авторлардың шығармалары секілді Бақытжан Байқадамовтың музыкалық мұрағатына да ешқандай қауіп төнбейтін болады.

Бақытжан Байқадамовтың шығармашылығы – Қазақстандағы музыка мәдениетіндегі есте сақтарлық және өшпес беттерінің бірі. Бақытжан Байқадамов «бірінші танымал қазақ хоровигі және әншісі…Бақытжан Байқадамов – қазіргі замандағы халық өнерінде өте сирек кездесетін адам».

Өзінің аз ғана уақыт өнер шығармашылығында (60 жасында қайтыс болды) Бақытжан Байқадамов көп нәрселерді тындырып үлгірді. Ол Қазақстан музыка тарихына тек қана танымал композитор ретінде ғана емес, көптеген хор шығармаларының авторы, үлкен би және вокал композицияларымен, сонымен бірге талантты ұйымдастырушы, музыкалық ұжымдардың басшысы, реформатор-педагог, қазақ халық аспаптарын қалпына келтіру және дамыту салаларына сүбелі үлес қосқан ғалым ретінде кірді.

Б. Байқадамов өзінен кейін бай мұра қалдырды - 200-ден жарық және талантты шығармалары. Кейбір аса танымалдары мыналар: «Әйгөлек», «Домбыра», «Ақ бидай», «Су тасушы қыз», «Өзіңсің», «Сүйген Сәулем», «Теміртау жастарының маршы» - қазақ әндерінің алтын қорына енді.

17.11.2007

Жобаның үйлестірушісі–"UMS" агенттігі
e-mail:
[email protected]
поддержка сайта