®
русский   english
 

ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТІНЕ ҚОСЫЛҒАН ҚОМАҚТЫ ҮЛЕС

Қазақстанның музыкалық мұрасын жас ұрпаққа жеткізуді коммерциялық емес “Асыл мұра” атты ірі гуманитарлық жоба іске асырады. Еліміздің тарихында бәрін түгелдей қамтыған бұл мәдени жобаның құрылтайшылары Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі, “Хабар” агенттігі, “Қазақстан” РТРК ЖАҚ және ТМД елдеріндегі “Кока-Кола Сервисез Лтд” компаниясының Қазақстандағы өкілдігі болып отыр. “Асыл мұра” жобасы аясында бес жыл ішінде шамамен 3 мың сағаттай таза музыка үні қайта қалпына келтіріледі деп күтілуде.

“Асыл мұра” жобасының бағдарламасына Қазақстанның халықтық, классикалық және қазіргі кезеңдегі ең озық музыка үлгілерін іздеу, жүйелеу, қайта қалпына келтіру, сандық тазарту және қазіргі аудио-жеткізгіштерге түсіріп жазу жұмыстары кіреді. Бұл біздің ұлттық игіліктерімізді бүгінгі ұрпақтарымызға жеткізіп, музыкалық мұраларымызды келешек ұрпақ үшін сақтап ата-бабаларының мәдениетінің зор байлық екендігін түсініп оның ғажаптығын танып біліп пайымдау үшін аса қажет..... Одан әрі.......»»»
Жобаның үйлестірушісі–"UMS" агенттігі
e-mail:
[email protected]
поддержка сайта