®
русский    english
Музыкальное наследие Казахстана

Қазақстанның вокалды өнерінің саңлақтары

ЕРМЕК СЕРКЕБАЕВ - КСРО халық әртісі(1959), Социалистік еңбек Ері(1986), КСРО(1977) және Қазақ КСР-і (1972) Мемлекеттік силықтарының лауреаты.

1926 жылы Петропавловск қаласында туған. Вокалдық өнерді Алматы консерваториясында профессор А.М.Кургановтың класында 1946-1951 ж. оқып үйренді. 1947 жылдан Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында жұмыс істейді. 1956 ж. вокалистермен балет әртістерінің Бүкілодақтық конкурсының лауреаты атанды. Гастрольдік сапармен әлемнің 50-ден аса елдерінде болды, киноға түсті. 1973 жылдан кәзіргі уақытқа дейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында вокал класын жүргізеді, профессор(1982 ж.). Оның шәкірттері арасында ҚР еңбек сіңірген әртістері Б.Сқақов, Б.Мамбеков, Күләш Байсейітова атындағы Халықаралық конкурстың лауреаты Б.Бөкенов, Алматы мен Астанадағы опера театрларының әнші-солистері бар. Кәзіргі кезде ҚР музыка қайраткерлері Одағының басқарма төрағасы(1988 жылдан). Е.Серкебаевтың репертуарында қазақстандық композиторлардың операларындағы басты партиялар (Е.Брусиловскийдің “Ер Тарғын”, “Дударай”, “Жалбыр”, А.Жұбановпен Л.Хамидидің “Абай”, Л.Хамидидің “Жамбыл”, М.Төлебаевтың “Біржан мен Сара”, Е.Рахмадиевтің “Тың туралы ән”, Қ.Қожамияровтың “Назугум”, Ғ.Жұбанованың “Еңлік-Кебек”, “Жиырма сегіз”), батыс европалық (В.Моцарттың “Дон Жуан”, Дж.Россинидің “Севиль шаштаразы”, Дж.Вердидің “Травиата”, Ш.Гуноның “Фауст”, “Ромео мен Джульетта”, С.Монюшконың “Галька”), орыс композиторлары (П.Чайковскийдің “Евгений Онегин”, “Иоланта”, “Қарғаның мәткесі”) және кеңестік композиторлар (“Ю.Мейтустың “Жас гвардия”, “Ағайынды Ульяновтар”), әндер, романстар және қазақтың халық әндері бар.

РОЗА ҮМБЕТҚЫЗЫ ЖАМАНОВА – КСРО халықәртісі(1959 ж.), ҚазКСР- ы Мемлекеттік силығының лауреаты(1972 ж.).

1928 ж. Ақтөбе қаласында туған. Орал қаласындағы музыка мектебін, кейін гобой және вокал класы бойынша музыка училищесін бітірген(1949). Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясында профессор А.М.Кургановтың класында (1949-1954 ж.) оқиды. 1953 жылдан Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының (1977) солисі. Қазақ театрлар қоғамының төрайымы (1962-1978). 1977 жылдан кәзіргі уақытқа дейін Қазақтың Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваториясында дәріс береді, профессор (1987). Оның шәкірттері арасында Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаттары мен дипломанттары (Б.Жұбаева, Д.Дүтмағамбетова, А.Часовитина, Р.Рамазанова), Алматы мен Астана қалалары опера театрларының солистері бар.

Р.Жаманованың репертуарында 20-дан астам қазақстандық композиторлардың операларындағы жетекші партиялар (Е.Брусиловскийдің “Қыз Жібек”, “Ер Тарғын”, А.Жұбановпен Л.Хамидидің “Абай”, М.Төлебаевтың “Біржан–Сара”, С.Мұхаметжановтың “Айсұлу”, Е.Рахмадиевтің “Алпамыс”, “Қамар сұлу”, Қ.Қожамияровтың “Назугум”, FҒ.Жұбанованың “Еңлік–Кебек”, “Жиырма сегіз”), батыс-европалық (Дж.Пуччинидің “Тоска”, “Мадам Баттерфляй”, Дж.Вердидің “Травиата”, “Аида”, Ж.Массненің “Манон”, Ш.Гуноның “Фауст”, “Ромео мен Джульетта”, Л.Делибтің “Лакме”) және орыс композиторларының операларынан (П.Чайковскийдің “Евгений Онегин”) бар.

БИБІГҮЛ ТӨЛЕГЕНОВА – КСРО халық әртісі (1967), ҚазКСР-ң (1966) және КСРО (1970) Мемлекеттік силықтарының лауреаты, Социалистік Еңбек Ері (1989).

1929 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Алматы консерваториясының түлегі. ҚазКСР-ң халық әртісі, профессор Н.Н.Самышинаның класында дәріс алған (1949-1954). Абай атындағы опера

және балет театрының солисі (1954-1956, 1971-1980). Бүкілодақтық эстрада әртістері конкурсының лауреаты (1958). Жамбыл атындағы Қазақтың Мемлекеттік филармониясының солисі (1956-1971). Дүние жүзінің 50-ден астам елдерін гастрольдік сапармен аралап ән салды. Киноға түсті. 1980 жылдан бүгінгі күнге дейін Қазақтың Ұлттық консерваториясында вокал класын жүргізеді, профессор (1982). Оның шәкірттері ішінде Халықаралық конкурстардың лауреаттары мен дипломанттары (Т.Забирова, Г.Сапақова, Е.Низамутдинова), ҚР еңбек сіңірген әртісі (К.Ақдәулетова), Алматы және Астана опера театрларының солистері бар. 2001 жылдан - “Бибігүл Төлегенова атындағы вокалистердің Халықаралық конкурсының” қазылар алқасының тұрақты төрайымы.

Репертуарында қазақстан композиторлары операларынан жетекші партиялар (Е.Брусиловскийдің “Қыз Жібек”, Е.Рахмадиевтің “Алпамыс”, Ғ.Жұбанованың “Еңлік-Кебек”), батыс-европалық (Д.Доницеттидің “Дон Паскуале”, В.Моцарттың “Дон Жуан”, Дж.Вердидің “Травиата”, “Бал Маскарад”, “Риголетто”, Дж.Россинидің “Севиль шаштаразы”) және орыс композиторларынан (М.Глинканың “Иван Сусанин”, Н.Римский-Корсаковтың “Снегурочка”, П.Чайковскийдің “Қарғаның мәткесі”, А.Даргомыжскийдің “Русалка”), қазақстандық және шетелдік авторлардың әндерімен романстары, қазақтың халық әндері бар.

ӘӘЛІБЕК ДІНІШЕВ - КСРО халық әртісі (1986).

1951 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. П.И.Чайковский атындағы Алматы музыка училишесін және Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының вокал класын Қазақстанның халық әртісі, профессор Н.Ә.Шәріповадан (1976) бітірген. Жамбыл атындағы Қазақтың Мемлекеттік филармониясының солисі (1976). Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының солисі (1978 жылдан). Глинка атындағы бүкілодақтық вокалистер конкурсының лауреаты және 1-ші силығын алушы (1975). 1977 жылы Цвиккауда өткен Шуман атындағы Халықаралық конкурстың Лауреаты атағымен 2-ші силығының иегері, Рио де Жанейро қаласында өткен халықаралық вокалистер конкурсының лауреаты (1977). Ленин комсомолы силығының лауреаты (1979).

Репертуарында - камералық циклды әндер, халық әндерімен романстар, қазақстан композиторлары операларынан (Е.Брусиловскийдің “Дударай”, Е.Рахмадиевтің “Тың туралы ән”), орыс композиторларынан (П.Чайковскийдің “Евгений Онегин”, Н.Римский-Корсаковтың “Май түні”)партиялар бар.


Дискінің мазмұны

    ЕРМЕК СЕРКЕБАЕВ

1. Е.Брусиловский.“Ер Тарғын” оп. 2-актіден Ер Тарғынның ариозосы.
Файылды көшіру (1557Kb)

2. В.Моцарт. “Севильский цирюльник ” оп. Фигароның ариясы.
Файылды көшіру (1449Kb)

3. Ф.Легар. “Сары кеудеше” опереттасынан ария.
Файылды көшіру (1424Kb)

4. А.Зацепин. “Біздің сүйікті дәрігер” кинофильмінен ән.
Файылды көшіру (1356Kb)

5. Қазақтың халық әні “Шапибаяу”
Файылды көшіру (1283Kb)

РОЗА ЖАМАНОВА

6. Е.Брусиловский. “Ер Тарғын” оп. 2-акт. Ақжүністің көрінісі.
Файылды көшіру (1299Kb)

7. Е.Брусиловский.”Қыз Жібек” оп.4-акт-н Жібектің әні “Дүние-ай”.
Файылды көшіру (1236Kb)

8. М.Төлебаев. “Біржан-Сара” оп.3-акт-н Сараның ариясы.
Файылды көшіру (1678Kb)

9. Дж.Пуччини. “Тоска” операсынан Тосканың ариясы.
Файылды көшіру (1435Kb)

10. Дж.Пуччини. “Мадам Баттерфляй” оп. 2-акт.Чио-Чио-Санның монологы.
Файылды көшіру (1280Kb)

БИБІГҮЛ ТӨЛЕГЕНОВА

11. А.Жұбанов,Л.Хамиди. “Абай” оп. Ажардың ариясы.
Файылды көшіру (1214Kb)

12. Жұбанова.”Еңлік-Кебек” оп. Еңліктің ариясы.
Файылды көшіру (4061Kb)

13. Д.Доницетти. “Линда из Шамуни” оп.Линданың каватинасы
Файылды көшіру (1511Kb)

14. Н.Римский-Корсаков.“Снегурочка” операсынан Снегурочканың ариясы
Файылды көшіру (1100Kb)

15. Б. Байқадамов. “Сүйген сәулем” романсы.
Файылды көшіру (816Kb)

ӘЛІБЕК ДІНІШЕВ

16. Қазақтың халық әні “Назқоңыр”
Файылды көшіру (745Kb)

17. Қазақтың халық әні “Дударай”
Файылды көшіру (1247Kb)

18. Н.Римский-Корсаков. “Мамыр түні”
Файылды көшіру (2127Kb)

19. С. Кордилло "Core ngrato"
Файылды көшіру (2319Kb)

20. “O surdato nammurato”
Файылды көшіру (1849Kb)

Жобаның үйлестірушісі–"UMS" агенттігі
e-mail:
[email protected]
поддержка сайта