®
русский    english
Музыкальное наследие Казахстана

ШЕРТПЕ КҮЙДІҢ ҮШ ҚОҢЫРЫ
Төлеген Момбеков, Мағауия Хамзин, Әбікен Хасенов

Қадірлі күй сүйген қалың ел, қабырғалы қазақ! Сіздерге коммерциялық емес гуманитарлық “Асыл мұра” жобасы кезекті саз дискісін ұсынады. Жарыққа шығуына қаржылық демеушілік жасаған “Кока-Кола Сервисез ЛТД” өкілдігі. Мұнда қазақтың аспаптық дәстүрлі шертпе күй өнерінің үлгілері ұлы да шебер майталман күйшілер Төлеген Момбеков(1922-1997), Мағауия Хамзин(1927-2000), Әбікен Хасенов(1897-1958) орындауларында шығармалар берілген.

Аспаптық шертпе күй дәстүрі өте көне және республикамыздың түгелдей дерлік аймағына кең тараған дәстүр(Қазақстанның батысын қоспағанда, онда төкпе күй сақталған). Шертпе күй деп ел арасында домбыраға арналған күйлердің ертеден сақталған, бірақ өте жоғары дамыған өзіндік бір ерекше мақамы бар айырықша күйде орындалатын түрін айтады. Шертпе күйлер негізінен лирикалық сезімге бай, бұларда пәлсафашылдық – ойға шомып жан-дүниеге түрткі салатын сыршылдық басым. Ең көп тараған шертпе күйлер арқаның күйлері(Сары Арқа, Орталық Қазақстан өңірі) оның бәйтерегі Тәттімбет(1815-1862). ХХ ғасырдағы Тәттімбеттің ізбасарлары Әбікен Хасенов пен Мағауия Хамзин.

Шертпе күйдің Қаратау өңірі (Қазақстанның оңтүстігі) аймағындағы дәстүрі кенжелеп кейін дамыды. Оған әрине қатарлас, көршілес жатқан Арқа дәстүрінің әсері тиді және басқада дәстүрлер қобыз күйінің, кей тұста домбыра тартудың өзгеше сипаты төкпе күйлік әсеріде сезіледі. Шертпе күйлердің қаратаулық дәстүрі аты аңызға айналған ұлы Сүгір(1882-1961 ж.) есімімен тығыз байланысты. Сүгірдің жолын қуған оның шығармаларының кең таралуына өз үлестерін қосқан тамаша музыкант күйші Төлеген Момбеков болды.

Әбікен Хасенов Қарағанды облысы Шет ауданында туды. Ол дәстүрлі музыкалық ортада, күй өнерін құрметтейтін қадірлей білетін елде өсті. Оның алғашқы ұстазы өз ағасы Мақаш. Аттары аңыз болған домбырашылар Баубек, Қыздарбек, Әбді, Ақмолда, Итаяқтардың есімдері елге кең жайылған аса қадірлі қасиетті өнерпаздар осында өмір сүрді. 1934 жылы Әбікен қазақ әдебиетінің классигі жазушы Сәкен Сейфуллиннің көмегі тиіп Қазақтың драма театрына жұмысқа алынып өмірінің соңына дейін сонда істейді. Әбікен көптеген батырлар мен билердің бейнесін сахнаға шығарды. Оның әртістік қызметі жоғары бағаланып Құрмет белгісі Орденімен, “Қазақ КСР-не еңбегі сіңген әртіс” атағын алды. Бірақ Әбікен өміріндегі ерекше орын алатын қасиеті әрине күйшілігі. Оның домбырасының қоңыр үні жүректегі қыл сезімдерді қозғап көңілдегі шерді дөп басатын сиқырлы сазымен со кездегі қазақтың зиялы қауымының әртістерінің ақын-жазушыларының ғалымдарының ұйып тыңдайтын көңілдерінің қошы бола білді. Бақытымызға орай Әбікеннің көзі тірісінде оның орындауындағы Тәттімбет пен Әбдінің күйлері саз табақшасына түсіріліп, өзі шығарған “Қоңыр” күйіне ән де жазылып қалды.

Мағауия Хамзин Жезқазған облысы Ақтоғай ауданында дүниеге келді. Әкесі Хамза мен ағасы Әшімтай ғажайып музыканттар болды. Мағауия 10 жасынан-ақ күйшіліктің жолына түседі. Жылдар өте ол орындаушылықтың өзіндік үлгісін танытады күйшілікті әбден меңгеріп домбыраның құлағында ойнау дәрежесіне жетеді. Ә.Хасенов пен Т.Момбековтерге қарағанда оның домбырашылығы басты негізгі кәсібі болды. Мағауия Хамзин 1949 жылы Алматыдағы музыка училищесін бітіреді. Ол ұзақ жылдар бойы “Қазақконцертте” солист болды. Осы мамандық бойынша Қарағанды филармониясында, Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестрінде, Балқаш кеншілер Мәдениет Сарайында істеді. М.Хамзин бірнеше тамаша күйлердің авторы. 1979 жылы майталман күйшіге Қазақ КСР-ң халық әртісі құрметті атағы берілді. 1998 жылы Құрманғазының туғанына 175 жылдық торқалы тойына арналған “Құрманғазы және Ұлы Дала сазы” атты түркі халықтарының дәстүрлі сазына арналған Халықаралық фестивалінде М.Хамзин әйгілі домбырашы төкпе күйші Рысбай Ғабдиев екеуі “Дәстүрлі музыка өнеріне сіңірген аса зор үздік еңбегі үшін” атты жүлдеге ие болды.

Төлеген Момбеков Шымкент облысы Созақ ауданы “Сызған кеңшарында туды. Оның әкесінің ағасы Бапыш белгілі күйші музыкант. Төлегеннің атасы Назар да атақты жырау-айтыскер. Әкесі Момбек те тәуір домбырашы еді. Қаратау шертпелерінің құдіреті Сүгір болғанымен мұнда одан басқа да үлкен музыканттар туды. Т.Момбеков осы дәстүрдегі аса ғажап орындаушы күшті күйші ретінде белгілі. Оның өзінің 40-қа тарта тамаша күйлері бар. Төлеген Момбеков Алматыға шақырылып талай концерттерге қатынасып күйлерін жаздырып радио және телеарналарға шығып жүрді. Ол Ұлы Отан соғысына қатынасқан ардагер. 1971 жылы оған Қазақ КСР-не еңбегі сіңген Мәдениет қызметкері атағы берілді.

Осы саз дискісін шығаруға ат салысып мағлұматтар беріп көмектескендері үшін Саян Ақмолда мен Сәрсенғали Жүзбаевқа алғыс айтамыз.

Б.Байқадамова, С.Елеманова


Дискінің мазмұны

ТӨЛЕГЕН МОМБЕКОВ

1. Қара жорға Бапыш
Файылды көшіру (1556Kb)

2. Қарқарау Бапыш
Файылды көшіру (1561Kb)

3. Асу Т.Момбеков
Файылды көшіру (2461Kb)

4. Ел жаңа Т.Момбеков
Файылды көшіру (3851Kb)

5. Қат қабат Т.Момбеков
Файылды көшіру (4257Kb)

6. Сары Арқа сапары Т.Момбеков
Файылды көшіру (1813Kb)

7. Бес жорға (1 тарау) Сүгір
Файылды көшіру (2914Kb)

8. Телқоңыр Сүгір
Файылды көшіру (2173Kb)

9. Шалқыма Сүгір
Файылды көшіру (3322Kb)

МАҒАУИЯ ХАМЗИН

10. Қоңыр қаз Әшімтай
Файылды көшіру (2605Kb)

11. Дайрабай Дайрабай
Файылды көшіру (2231Kb)

12. Бес төре Тәттімбет
Файылды көшіру (3043Kb)

13. Былқылдақ Тәттімбет
Файылды көшіру (977Kb)

14. Қосбасар ( 1 түрі) Тәттімбет
Файылды көшіру (2027Kb)

15. Қосбасар ( 2 түрі) Тәттімбет
Файылды көшіру (2505Kb)

16. Көкейкесті Тәттімбет
Файылды көшіру (2902Kb)

17. Сары жайлау Тәттімбет
Файылды көшіру (2117Kb)

18. Жайлау М.Хамзин
Файылды көшіру (1831Kb)

ӘБІКЕН ХАСЕНОВ

19. Балбырауын Халық күйі
Файылды көшіру (2007Kb)

20. Ләйлім Жаяу Мұса
Файылды көшіру (1623Kb)

21. Азамат қожа Тәттімбет
Файылды көшіру (2959Kb)

22. Бес төре Тәттімбет
Файылды көшіру (2984Kb)

23. Қосбасар ( 1 түрі) Тәттімбет
Файылды көшіру (2381Kb)

24. Қосбасар ( 2 түрі) Тәттімбет
Файылды көшіру (2338Kb)

25. Қосбасар ( 5 түрі) Тәттімбет
Файылды көшіру (1638Kb)

26. Сары жайлау Тәттімбет
Файылды көшіру (3044Kb)

27. Сылқылдақ Тәттімбет
Файылды көшіру (2110Kb)

28. Қоңыр Ә.Хасенов
Файылды көшіру (3143Kb)

Сарапшылар Б.Байқадамова С.Елеманова

Жобаның үйлестірушісі–"UMS" агенттігі
e-mail:
[email protected]
поддержка сайта