®
русский    english
Музыкальное наследие Казахстана

Мұқан Төлебаев

Қымбатты тыңдарман! Сіздің қолыңызға «Асыл Мұра» коммерциялық емес жобасының кезекті басылымы – қазақтың аса көрнекті композиторы Мұқан Төлебаевтың (1913-1960) шығармашылығына арналған екі дискі тиіп отыр. Диск Алматы қаласындағы «Кока-Кола СНГ Сервисиз Лтд» Үкіметінің қаржылық қолдауы арқасында жарық көрді.

М ұқан Төлебаевтың шығармашылығы ХХ ғасырдағы қазақ музыкасында айрықша орын алады. Қазақтың жаңа (еуропалық) үлгідегі кәсіби музыкасының негізін қалаушылардың бірі ретінде, Мұқан Төлебаев төлтума қазақ мәдениетінің шынайы өкілі бола тұра, және одан қол үзбестен біздің көпұлтты мемлекетіміздің бүкілхалықтық және ресми танымалдығының биік шыңына көтеріле білді.

Мұқан (Мұхамедсәлім) Төлебаев Талдықорған облысы Бөрлітөбе ауданындағы Сәмеке (Қарашыған) ауылында дүниеге келді. Болашақ композитордың анасы Тәжібала Ақшалова аса дарынды жан болған, өлең, ән жазып, ақындығымен көзге түскен, халық әндерін тамылжыта орындаған. Мұқанның туа біткен талантының ашылуына, оны жастайынан домбыра тартуға үйретіп, өнерге баулыған нағашысы, белгілі сазгер және ақын Апырбай Әуелбаевтың ықпалы ерекше болды. Бозбала шағында Мұқан өзінің шығармашылық талантын айқын көрсете білді: ән шығарып, көркем өнерпаздар ұжымын басқарды, әнші ретінде өнер көрсетіп жүрді. 1936 жылы Бөрлітөбеде өткен өнерпаздар байқауында жеңіске жеткен бір топ жас (араларында М.Төлебаев та бар) республика астанасына аттанды.

Алматыда да өнерімен көзге түскен Мұқан сол жылы Мәскеуде оқуға жолдама алды. Ол кездері Мәскеу консерваториясы жанынан ұлттық кадрлер дайындайтын студиялар жұмыс істейтін. Осылай Мұқан Төлебаев Еуропаның музыкалық мәдениетімен танысады. Көп ұзамай ол, оқуды одан әрі әнші ретінде емес, композитор ретінде жалғастыруы қажет екендігін түсінеді де, сол мақсатына жету үшін асқан табандылықпен еңбек етеді. Төлебаевтің алғашқы ұстаздары Б.С. Шехтер мен Р.М. Глиэр болды. Сол жылдары Мұқан өз күшін композицияда байқап көріп, қазақ әндерін өңдеумен айналысады. Ұсынылып отырған дискіге – ол өңдеген алғашқы әндердің бірі – халық әні «Барқыт, қалқам» енгізілген.

Мұқанның студияны бітірген жылы (1941) Ұлы Отан соғысының басталуымен сәйкес келді. Әуелгіде халық жасағы құрамына кірген Төлебаев, денсаулығына байланысты соғыс әрекеттеріне қатыса алмай, Қазақстанға қайта оралады. Соғыс жылдары ол «Тос, мені тос» және «Кестелі орамал» туындыларын дүниеге әкелді. 1945 жылы М. Төлебаев Л. Хамиди және Е. Брусиловскиймен бірге Қазақ КСР-і әнұранын жазып шығады ( сөзін жазғандар Қ. Мұхамеджанов, Ә. Тәжібаев, Ғ. Мүсрепов). Ал 1946 жылы қазақ опера өнерінің інжу-маржаны – «Біржан-Сара» операсының премьерасы болды. (либреттосы Қ. Жұмалиевтікі). Мұқанның композиторлық дарынының шырқау шыңы болған бұл туындының тұсаукесері аса табысты өтті: спектакльдің композиторы, орындаушылардың екі құрамы да (бірінші құрам - А. Үмбетбаев пен К. Байсейітова, екінші құрам – Б. Досымжанов пен Ш. Бейсекова), суретшісі (А. Ненашев), режиссері (Қ. Жандарбеков) КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Операның орыс тілінде солистер, хор және Г.Столяровтың басқаруындағы КСРО Мемлекеттік радиокомитетінің симфониялық оркестрінің орындауындағы нұсқасы жазып алынды. 1958 жылы қазақ өнерінің екінші онкүндігі барысында Мәскеуде «Біржан- Сара» операсы орындалғанда Роза Жаманова (Сара) мен Мұқан Төлебаевтың өзіне КСРО халық әртістері атағы берілді.

Соғыс біткеннен кейін, белгілі автор, Мемлекеттік сыйлықтың иегері М. Төлебаев Мәскеу консерваториясын профессор Мясковскийдің сыныбында бітіріп шықты (1951). Дәл сол жылы ол «Коммунизм оттары» кантатасын жазды. Оны тек қазақстандықтар ғана емес, бүкіл Кеңес одағының тыңдармандары зор ықыласпен қабылдады.

Мұқан Төлебаевтың композиторлық стилі ұлттық дәстүр арнасында қалыптасқан. Сөйте тұра қазақ композиторының музыкасы еуропалық үлгідегі кәсіби шеберліктің биік деңгейінен орын алатынымен ерекшеленеді. Соның арқасында М.Төлебаев туындыларын түрлі ұлттық-мәдени дәстүрлер өкілдері болып табылатын тыңдаушылар аса жоғары бағалайды. Кеңес заманының белгілі музыка танушысы В.С. Виноградов жазғандай, «М.Төлебаев туған елі өнерінің ұлттық сипаттарын айқын ашып көрсете білгенде, оның музыкасы өзінің сұлулығы мен шырқау шегіне жетеді».

М.Төлебаевтың ең жарқын композиторлық туындылары ақындық, халықтық-кәсіби дәстүрмен тығыз байланысты десек, қателеспейміз: Бұлар - қазақ опера сахнасының біртума туындысы «Біржан - Сара», дәл орта тұсында акын термесі енгізілген «Коммунизм оттары» кантатасы. М.Төлебаев қазақ ақындары мен әншілерінің, сал-серілердің ұлттық, жарқын, «театралдық» өнері мен опера және кантата секілді Еуропа сахнасының жоғары кәсіби жанрлары арасындағы үйлесімді дәл таба білді. Төлебаевтың тума таланты олардың өз рухына, дүниетанымына жақын тұстарын дөп басып, тыңдарманға маңызы мен мәнін жоғалтпай жеткізуге мүмкіндік берді. Бұл туралы В. Виноградов: «М.Төлебаев шығармашылығындағы ұлттық негіз музыканың тек көзге көрініп тұрған сипаттарына, яғни пішіні, мақамы және ырғағы ғана емес, ең бастысы - оның ішкі мән-маңызында, оның рухы мен стилінде, әсерлілігінде» деп жазды.

«Асыл Мұра» жобасының Мұқан Төлебаев шығармашылығына арналған екі дискінде, қазақтың заңғар композиторының ең көрнекті шығармалары - «Біржан-Сара» операсының диск ауқымына сыятындай етіп қысқартылып берілген нұсқасы (СD1), шебердің вокалға, аспаптарға және хорға арналған шығармалары, оның ішінде «Коммунизм оттары» (СD 2) кантатасы енгізілген.

Б. Байқадамова, С. Елеманова.

Диск 1

«Биржан-Сара» операсы. Либреттосын жазған Қ.Жұмалиев.

Диск 2

1. "Қазақ КСР-інің әнұраны". Е.Брусиловский, М.Төлебаев, Л.Хамиди. Сөзін жазғандар Қ.Мухаметханов, Ә.Тәжібаев, Ғ.Мүсірепов. Орындаушылар – Т.Әбдірашевтің басқаруындағы Қазақ КСР-і Мемлекеттік симфониялық оркестрі, А. Молодовтың басқаруындағы Қазақ мемлекеттік хор капелласы

2. "Коммунизм оттары" кантатасы. Сөзі Н.Шәкеновтікі. Орындаушылар – Қазақ КСР-і Мемлекеттік симфониялық оркестрі, Қазақ мемлекеттік капелласы. Дирижері – Ш.Қажығалиев. Солист – Б.Жіліспаев.

3. "Жастық шақ" . 4 бөлімді хор сюитасының 3 бөлімі. 1-ші бөлім – "Шаңғышылар" Сөзі С.Мәуленовтікі. 2-ші бөлім – "Костер жыры" Сөзі С.Бегалиндікі. 3-ші бөлім – "Тоғай арасында" Сөзі С.Бегалиндікі. Орындаушы – Г.Виноградованың басқаруындағы Қазақ мемлекеттік капелласы

4. "Той" симфониялық картинасы. Орындаушы – Ф. Мансуровтың басқаруындағы Қазақ КСР-і Мемлекеттік симфониялық оркестрі

5. "Лирикалық поэма". Орындаушы – Ф. Мансуровтың басқаруындағы Қазақ КСР-і Мемлекеттік симфониялық оркестрі

6. "Толғау". Орындаушылар – М.Серкебаевтың басқаруындағы Қазақ радиосы мен телевизиясының камералық оркестрі. Солист – Т.Нұралиев (гобой).

7. "Фортепиано мен скрипкаға арналған поэма". Орындаушылар – А.Мұсақожаева (скрипка), О. Решетникова (фортепиано).

8. "Бүгінді танда". Дауыс пен фортепианоға арналған 4 бөлімді сюитаның 3 бөлімі. 1-ші бөлім – "Салт жігіт әні". Сөзі Ә.Тәжібаевтікі. Орындаушы – Р.Абдуллин, концертмейстері – С.Коган. 3-ші бөлім – "Әншіның сыры". Сөзі Х.Ерғалиевтікі. Орындаушы – Ж.Елебеков. 4-ші бөдім – "Домбыра сыры". Сөзі Н.Баймұхамедовтікі. Орындаушы – Ж.Омарова, концертмейстері – С.Коган.

9. Қайта өңделген қазақтың халық әні "Барқыт қалқам". Сөзі. А.Байғожаевтікі. Орындаушы – А.Қамбарова, концертмейстері Е.Коган.

10. "Тос мені, тос". Сөзі Н.Баймұхамедовтікі. Орындаушы – Ә.Дінішев М.Серкебаевтың басқаруындағы Қазақ радиосы мен телевизиясы Камералық оркестрінің сүйемелдеуімен.

11. "Кестелі орамал". Сөзі А.Лекеровтікі. Орындаушы – Ә.Дінішев М.Серкебаевтың басқаруындағы Қазақ радиосы мен телевизиясы Камералық оркестрінің сүйемелдеуімен.

12. "Ақ мақта". Сөзі Н.Шәкеновтікі. Орындаушы – Р.Бағланова, концертмейстері –С.Коган.

13. "Еске алу". Сөзі. Б.Бисебаевтікі. Орындаушы – Б.Төлегенова, концертмейстері – Е.Коган.

14. "Мен сүйемін". Сөзі Н.Баймұхамедовтікі. Орындаушы – Б.Досымжанов, концертмейстері – Н.Вальтер.

15. "Сағыну". Сөзі К.Шаңғытпаевтікі. Орындаушы – Б.Досымжанов, концертмейстері – Н.Вальтер.

16. "Келші сәулем". Сөзі Ә.Тәжібаевтікі. Орындаушы – С.Тыныштығұлова, концертмейстері Л.Иванова-Сокольская.

17. "Мен көрдім ұзын қайың қүлағанын". Сөзі Абай Құнанбаевтікі. Орындаушы – Б.Жылыспаев, концертмейстері М.Смитрович.

18. "Жылқышы әні". Сөзі Т.Жароковтікі. Орындаушылар – Б.Жылыспаев Ш.Қажығалиевтің басқаруындағы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік ұлт аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен.

19. "Бақыт вальсі". Сөзі А.Байғожаевтікі. Орындаушылар – Р.Жаманова Ф. Мансуровтың басқаруындағы Абай атындағы МАОБТ-ның симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен.

Дискінің мазмұны

1 часть
Скачать файл (25331Kb)

2 часть
Скачать файл (24089Kb)

3 часть
Скачать файл (15759Kb)

4 часть
Скачать файл (10593Kb)

Дискінің мазмұны 2

Гимн Казахской ССР
Скачать файл (3184Kb)

Кантата "Огни коммунизма"
Скачать файл (4465Kb)

"Жастық шақ" ("Юность")
Скачать файл (4261Kb)

Симфоническая картина "Той" ("Праздник")
Скачать файл (1923Kb)

"Лирическая поэма"
Скачать файл (1745Kb)

"Толғау" ("Размышление")
Скачать файл (1538Kb)

"Поэма для скрипки с фортепиано"
Скачать файл (2705Kb)

"Бүгінді танда" ("Рассвет")
Скачать файл (2333Kb)

Обработка казахской народной песни "Барқыт қалқам"
Скачать файл (3025Kb)

"Тос мені, тос" ("Жди меня, жди")
Скачать файл (3237Kb)

"Кестелі орамал" ("Вышитый платок")
Скачать файл (4728Kb)

"Ақ мақта" ("Белый хлопок")
Скачать файл (2447Kb)

"Еске алу" ("Воспоминание")
Скачать файл (5864Kb)

"Мен сүйем" ("Я люблю")
Скачать файл (2417Kb)

"Сағыну" ("Тоска")
Скачать файл (5759Kb)

"Келші сәулем" ("Приходи, дорогая")
Скачать файл (4453Kb)

"Мен көрдім ұзын қайың қүлағанын"
Скачать файл (1537Kb)

"Жылқышы әні"
Скачать файл (2125Kb)

."Бақыт вальсі" ("Вальс счастья")
Скачать файл (1588Kb)

Жобаның үйлестірушісі–"UMS" агенттігі
e-mail:
[email protected]
поддержка сайта