русский    english
Музыкальное наследие Казахстана

Ғарифолла Құрманғалиев

Ғарифолла Құрманғалиев – ХХ ғасырдағы қазақ музыка мәдениетінің ерен құбылысы. Ондаған жылдар бойы ол жалғыз өзі Батыс Қазақстанның көне де жоғары дәрежеде дамыған вокалды-аспаптық дәстүрін паш еткен. ХІХ ғасырда эпикалық кең тынысты әннің асқан шебері болван Мұхит мұрасын жеткізген де Ғарифолла Құрманғалиев болатын. Одан әрі...

Күләш Бәйсейітова

Қазақтың көрнекті әншісі Күләш Бәйсейітова – асылында Қазақстанда аты аңызға айналған тұлға. Небәрі 45-жасқа созылған қысқа ғұмырында ол жұлдыздай жарқырап халық сүйіспеншілігіне бөленді. 20-ғасырдың музыка мәдениетінде пайда болған жаңалықты халқы ардақтаған Күләш Байсейітованың дарыны мен асқан өнері “заңдастыра” түсті. Одан әрі...

Болат Сарыбаев

Коммерцияға жатпайтын гуманитарлық жоба “Қазақстанның музыкалық мұрасы”- “Асыл мұра” тыңдарман аудиториясына жобаның үшінші дискісін ұсынады. Бұл дискіден көрнекті ғалым, аспаптанушы, жинаушы-зерттеуші, мәдениет және қоғам қайраткері Болат Шамғалиұлы Сарыбаевтың (1927 – 1984) дауысын естисіздер. Көзі тірі болғанда 2002 жылы ғалым 75 жасқа толар еді. Қазақстанның музыкалық мәдениеті саласындағы Б.Ш.Сарыбаевтың өмірі мен сан-салалы қызметі 20 ғасырда елеулі орын алады. Одан әрі...

Жамал Омарова

Қазақ ССР-ның халық әртісі Жамал Омарова (1912 –1976) көзінің тірісінде-ақ бүкіл елдің зор сүйіспеншілігімен құрметіне бөленген шын мәнінде нағыз халықтың әншісі. Жамал Омарованың өмірі мен шығармашылығы кеңес дәуіріндегі қазақ музыка тарихының жарқын беттерінің бірі, оны мәңгіге жазып қалдырған жарық жұлдызы. Әншінің ешкімге ұқсамайтын қайталанбас ғажап дауысы күн сайын радиодан шырқалып, республиканың барлық облыстарын аралаған гастрольдік сапарларында елге кең жайылып таралып жатты. Одан әрі...

Қали Жантілеуов

Батыс Қазақстанның күйшілік дәстүрінің 19-ғасырдағы биік шыңы Құрманғазы мен Дәулеткерейдің ғажап даналық өнерлері “қолдан-қолға” көшіп, бірінен-бірі үйреніп тарту орындаушылық зерделілігінің арқасында бүгінгі күнге дейін жетті. Осындай күйшілік дәстүрді жалғастырып Құрманғазының шәкірті Мәменнің жолын ұстап күйін үзбей бізге қаз-қалпында әкелген бірегей домбырашы Қали Жантілеуов еді. Одан әрі...

Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары

2004 жылы Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының құрылғанына 70 жыл толады. Осы айтулы мереке қарсаңында “Асыл мұра” жобасы “Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары” атты саз дискісін жарыққа шығарып Қазақстан опера өнерінің негізін салған алғашқы қарлығаштарымен Қазақстан музыкалық мұрасының даңқын асырып осы өнердің басында тұрғандарды тағы да бір еске түсіріп құрмет көрсетіп отыр. Одан әрі...

Жүсіпбек Елебековтың

Жүсіпбек Елебековтың өмірі мен шығармашылығындағы ең бір елеулі кезеңі – оның Эстрада-цирк студиясында ұлттық ән салу дәстүрінен дәріс беріп ұстаздық еткен 1967-1977 жылдары еді. Арқаның домбырамен ән салу дәстүрі үзілмей жалғасып қаймағы бұзылмай сақталып бізге жетіп отыр. Бүгінгі Мәдениет Ешекеев, Жәнібек Кәрменов, Қайрат Байбосынов сынды өнер саңлақтары осы ұлы Жүсекеңнің шәкірттері....Одан әрі...

Манарбек Ержанов

Манарбек Ержанов Қазақ драма театрының (1928 ж.), Қазақ музыкалық театры (1934 ж.) – болашақ опера-балет театрының (1937 ж.) алғашқы әртісі болып ұлттық өнеріміздің алғашқы жұлдызды шоғыры Күләш пен Қанабек Байсейітовтер, Құрманбек Жандарбеков, Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Елубай Өмірзақов, Серғали Әбжанов, Үрия Тұрдықұлова, Ғарифолла Құрманғалиевтермен бірге тұңғыштар тобында сахнаға шықты. Ғарифолла Құрманғалиев екеуі бірсыпыра ұлттық операларда рольдерді кезектесіп, бөлісіп ойнады. Біріне- бірі ұқсамайтын қос саңлақ ұлттық операларымыз: «Қыз Жібекте» Шеге, «Жалбырда» Елемес, «Ер Тарғында» Сақан, «Абайда» Әзім, «Біржан-Сарада» Естай бейнелерін сомдады.....Одан әрі...

Қылқобыздың қос қыраны

Қобыз – таңқаларлық пішінді және ғажайып сазды, бай тембрлі аспап. Біреулер оны құс даусына ұқсатады: « – Оның даусы аспаптың шегін аттың жалынан керілген қылдан тартылған еспе ысқышпен үйкелегенде аққудың үніне ұқсас дауыс шығады» – дейді (П.Паллас). Енді біреулер қобыз үнін адам даусына ұқсатады (Б.Сарыбаев) ащы, зарлы, өксікті үн шығарады деген де пікір айтады (И.Гмелин).....Одан әрі...

Қазақстанның вокалды өнерінің саңлақтары

Қ КСРО халық әртістері Ермек Серкебаев, Роза Жаманова, Бибігүл Төлегенова және Әлібек Дінішевтер шығармашылығына арналған кезекті дискіні қолдарыңызға ұстап көзайым болып отырсыздар. Бұлардың әрқайсысы біздің республикамыздың музыкалық өнеріне өлшеусіз үлес қосқан, аттары тек Қазақстанға ғана емес дүние жүзіне белгілі болған жандар. Сөз жоқ, мұндай талантты өнер жампоздарының шығармашылығында европалық (әлемдік) және ұлттық дәстүрлеріміз қосылып біте қайнап жоғарғы биік тұғырға шыққаны мәлім. Бұл әрине республикада европалық үлгіде кәсіби музыкалық білімнің қалыптасуы арқасында жүзеге асты. Жоғарыдағы аталған өнер майталмандары вокалдық жоғарғы білімді Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының қабырғасынан, бұрынғы Кеңестер Одағының парасатты қажырлы көрнекті ұстаздар қауымынан алды. Өздеріне ғана тән сирек кездесетін музыкалық дарындылық, дауыс әдемілігі, дауыс құбылуының ерекшелігі, мінсіз кәсіби шеберлігімен бәсіре терең талғамның арқасында бұлардың әрқайсысы өнердің шыңырау шыңына шыққан жарық жұлдыздар. Мүбәдә, осындай арналы мол бастаулы тұмакөзден сусындаған қазақтың музыкалық өнері алғашында Кеңестер Одағы көлемінде, кейін әлемдік талғамда ұялмай айтуға, көрсетуге болатын дәрежеге көтерілді десек артық болмас.....Одан әрі...

РИШАТ ПЕН МҮСЛІМ АБДУЛЛИНДЕР

Қымбатты ән сүйген қалың ел, қабырғалы қазақ! Сіздердің қолдарыңыздағы кезекті ән дискісі коммерциялық емес гуманитарлық “Асыл Мұра” жобасы шығарған Қазақстанның атақты камералық әншілері ағайынды Ришат(1916-1988) пен Мүслім(1916-1996) Абдуллиндердің әншілік өнеріне арналған. Ән дискісінің шығуына қаржылай көмек көрсеткен ТМД елдеріндегі “Кока-Кола Сервисиз Лтд” өкілдігі. Ағайынды Абдуллиндердің әншілік-шығармашылық өнері өткен ғасырдың 40-70 жылдары европалық үлгідегі сазгерлік шығармашылықтың шарықтау шыңына жетіп гүлденген кезіне тұспа-тұс келді. Ришат пен Мүслім шығармашылық әншілік өнердің жарқын жолын ұстаған өнер жұлдыздары ғана емес, олар әншіліктің осындай үлгісін қалыптастырған оған өз үлестерін қосқан Қазақстан үшін жаңа бір ән жанрының - ән дуэтінің алғашқы қарлығаштары болған тыңнан түрен тартқан қазақ әнінің қос күреңі болды. ....Одан әрі...

ШЕРТПЕ КҮЙДІҢ ҮШ ҚОҢЫРЫ

Қадірлі күй сүйген қалың ел, қабырғалы қазақ! Сіздерге коммерциялық емес гуманитарлық “Асыл мұра” жобасы кезекті саз дискісін ұсынады. Жарыққа шығуына қаржылық демеушілік жасаған “Кока-Кола Сервисез ЛТД” өкілдігі. Мұнда қазақтың аспаптық дәстүрлі шертпе күй өнерінің үлгілері ұлы да шебер майталман күйшілер Төлеген Момбеков(1922-1997), Мағауия Хамзин(1927-2000), Әбікен Хасенов(1897-1958) орындауларында шығармалар берілген.....Одан әрі...

Қазақ музыка мәдениетінің корифейі – Ахмет Жұбанов

Сіздің қолыңызға “Асыл Мұра” коммерциялық емес гуманитарлық жобасы бойынша «Кока–Кола ТМД Сервисиз Лтд» өкілдігінің және «Казэнерджи» қоғамдық қорының қаржылай көмегі арқасында шығарылған көрнекті қазақ композиторы А. Жұбановтың туғанына 100 жыл толуына орай шығарылған кезекті диск тиді.Одан әрі...

“Өмір деген бұл - өлең, ал өлең дегеніміз - өмір”.
Бақытжан Байқадамов

Қымбатты тыңдарман! Сіз қолыңызда Қазақстанның кәсіби музыкалық өнерінің негізін қалаушылардың бірі қазақтың көрнекті композиторы Бақытжан Байқадамовтың (1917-1977) 90 жылдығына арналған “Асыл мұра” гуманитарлық коммерциялық емес жобасының кезекті табағын ұстап тұрсыз. Табақтың шығарылымы “Кока-Кола ТМД Ссервисиз Лтд” Өкілдігінің қаржылық қолдауымен болды.Одан әрі...

Жобаның үйлестірушісі–"UMS" агенттігі
тел.: +7 727 273 02 43
e-mail:
[email protected]